108 жастағы сиырға субсидия төленген

141

​Депутат ауыл шаруашылығындағы былықты айтты.

108 жастағы сиырға субсидия төленген Фото: pixabay

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек ауыл шаруашылығы саласын субсидиялаудағы өзекті мәселелерді атады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Депутат субсидия ұрлаудың түрлі айласы болғанына мысал келтірді.

"Жасы 1299 айлық деп көрсетілген ірі қараға субсидия төлеу дерегі анықталған. Бұл дегеніміз 108 жыл. Ірі қара 1914 жылдың 6 наурызында туған деп көрсетілген. Яғни, әкімдіктер Амангелді Иманов көтерілісі басталардан екі жыл бұрын, бірінші дүниежүзілік соғыс шағында, Қазан төңкерісіне дейін үш жыл бұрын туған сиырға субсидия берген. Субсидия жұмыс істемей тұрмаған фирмаларға, банкрот болғандарға, жалған мекемелерге, тіпті қайтыс болған адамдарға берілген",  деді Бақытжан Базарбек Мәжілістің жалпы отырысында. 

Оның сөзінше, құқық қорғау органдары субсидия мен тыңайтқыш беру мәселесіне жіті назар аударған жөн.

Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайыловтың айтуынша, бұл фактілер аудиторлық қорытындыны деректерінен алынып отыр. 

Айта кету керек, осыған дейін кәсіпкер ретінде тіркелмеген мыңға жуық адам 1,5 млрд теңгеге субсидия алғанын жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу