109 бала суға батып кетті

1147

Жыл басынан бері суға кеткен адамдардың саны 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5%-ға өсті. Ал бала өлімінің өсуі 31%-ды құрады. 

109 бала суға батып кетті

Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігі азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы Бауыржан Сыздықов мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"27 шілдедегі жағдай бойынша 312 адам, оның ішінде 109 бала суға батып кетті. 139 адам күшін жете бағаламағаннан, 65 адам су қоймасына құлаудан, 31 бала ана-анасының қарауынсыз қалғаннан, 19 адам балық аулау кезіндегі қауіпсіздік шарасын бұзғаннан, 47 адам суға мас күйде шомылғаннан, 27 адам жүзе алмағаннан, 7 жүзу құралымен сырғанау кезінде сақтық шарасын сақтамағаннан, 8 адам суға батып бара жатқан адамды құтқару кезінде қайтыс болды", – деді Бауыржан Сыздықов.

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу