"109" қызметі Көк-Жайлау бөктерінде адасып кеткен туристі құтқарды

734

Саяхатшы тауда бағытынан жаңылып қалған. 

"109" қызметі Көк-Жайлау бөктерінде адасып кеткен туристі құтқарды

Алматы құтқару қызметі тауда жолынан адасып кеткен туристі құтқарды. 

"Сағат 15:10-да 109 қызметінің жедел кезекшісіне аталған дерек бойынша хабар келіп түсті. Қоңырау шалған азаматша Көк-Жайлауға шығап бара жатып маршрутынан адасып қалғанын, өздігінен таудан түсе алмайтынын жекізді. Онда Бірден құтқару қызметінің төрт адамнан тұратын жеке құрамы аттанды", – деп хабарлады құтқарушылар. 

Аталған аймаққа жеткен мамандар бірден саяхатшыны іздестіруге кірісіп, оны Медеу тауларынан тапқан. Оған алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, турист жақындарына табысталды. Құтқару операциясы сағат 19:45-де аяқталды. 

Құралай Құдайберген

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу