11-12 қаңтарда Оңтүстік Африканың Израильге қарсы шағымы бойынша сот тыңдаулары өтеді

Оңтүстік Африка Израильді Газадағы палестиналықтарды өлтіру арқылы геноцид жасап, физикалық жойылуға әкеліп соқтырады деп есептейді. 

11-12 қаңтарда Оңтүстік Африканың Израильге қарсы шағымы бойынша сот тыңдаулары өтеді Фото: AP

Бүгін Халықаралық қылмыстық сотта Оңтүстік Африканың Израильге қарсы әрекетін "Палестина халқының геноциді" деп тану туралы шағымын қарау басталды. Бұл туралы inbusiness.kz сайты Анадолы агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Оңтүстік Африканың өтініші бойынша, тыңдау 11-12 қаңтарда Гаагадағы халықаралық сотта өтеді. Бұл туралы сот құжатында айтылған.

Желтоқсан айының соңында, Оңтүстік Африка Гаагадағы халықаралық сотқа Газа секторындағы жағдайға байланысты геноцид конвенциясы бойынша Израильге қарсы шағым түсіріп, сотта Израильге қарсы уақытша шара қолдануға шақырды.

Өз тарапынан Израиль Оңтүстік Африканың айыптауларын жоққа шығарып, Оңтүстік Африка талаптарының нақты немесе заңды негізі жоқ екенін алға тартты.

Еске сала кетейік, қараша айының басында Оңтүстік Африка үкіметі Израиль армиясының Газа секторында жалғасып жатқан әскери операциясына байланысты консультациялар өткізу үшін Израильден дипломаттарды кері шақырып алу туралы шешімін жариялаған болатын.

Сондай-ақ, қараша айында Израиль Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Лиор Хаят Израиль Оңтүстік Африкадағы елшісін қосымша консультациялар үшін шақыртып алғанын түсіндірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу