11,6 млрд текше метр тауарлық газ тұтынылды

893

Үкімет отырысында Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев осы уақытқа дейін 44 млн тонна мұнай экспортталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

11,6 млрд текше метр тауарлық газ тұтынылды

"Есептік кезеңде 56,1 млн тонна мұнай және конденсат өндірілді. Бұл – осы жылға жоспарланған көрсеткіштің 99,3%-ы", – деді министр.

Оның айтуынша, "Қарашығанақ" жобасында жоспар толық орындалмаған. 

"Себебі Орынбор газ өңдеу зауытында жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты газ қабылдау шектелді", – деді Мағзұм Мырзағалиев.

Министрдің сөзінше, "Теңіз" кен орнынан 17,1 млн тонна мұнай өндірілді. Жоспар 100% орындалды. Солтүстік Каспий жобасынан мұнай өндіру көлемі 10,2 млн тоннаға жетті. Мұнда жоспар асыра орындалды. 

"Қарашығанақ" жобасы бойынша 7,8 млн тонна мұнай өндіріліп, жоспар 93% орындалды. Есептік кезеңде 44 млн тонна мұнай экспортталды. 8 айдың жоспары 100% жүзеге асырылды", – деді Мағзұм Мырзағалиев.

Бұдан кейін ол газ өндіру жоспары 98% орындалғанын жариялады. 

"Газға келсек, есептік кезеңде 35,5 млрд текше метр газ өндірілді. Бұл осы жылға жоспарланған көрсеткіштің 98%. Газ өндірісінің төмендеуі мұнай өндіру көлеміне тікелей байланысты. Өйткені ол мұнай өндіру кезінде алынатын ілеспе газ. Тауарлық газдың ішкі тұтыну көлемі жоспармен салыстырғанда 12%-ға өсіп, 11,6 млрд текше метрге жетті", – деді Мағзұм Мырзағалиев.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу