11 айда 400-ден аса адам суға батқан

1030

Оның 135-сі бала. 

11 айда 400-ден аса адам суға батқан

Биыл қаңтар-қарашада 400-ден аса адам суға батып, көз жұмды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, 2021 жылы шомылуға рұқсат берілген орындар саны 445-тен 538-ге дейін артқан. Оның 356-сы жекенің, ал 129 орын мемлекет меншігінде.

"Бұл орындардың барлығы талаптарға сәйкестігі тексерілді. Осыған қарамастан биыл шомылу маусымында суға батқандар саны 2%-ға өсті", – деді Юрий Ильин орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

ТЖМ дерегінше, биыл 315 адам (93-і бала), өткен жылы 309 адам (78-і бала) суға батқан. Қайғылы оқиғалардың басым бөлігі шомылуға рұқсат берілмеген орындарда тіркелген.

"Осыған байланысты рұқсат берілмеген орындарда 37 мыңнан аса профилактикалық рейд және патрульдеу жүргізілді. 4 887 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды", – деді министр.

Юрий Ильин шомылу маусымының қорытындысы бойынша талдау жүргізілгенін атап өтті.

"Биыл 11 айда 400-ден аса адам суға батып кетті (2020 жылы – 431 адам, 2021 жылы – 415 адам). Суға батқандардың 135-і бала", – деді басшы.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу