11 айда Алматыдағы салық түсімдері 1,97 трлн теңгеге жеткен

237

Жалпы құны шамамен 500 млрд теңге болатын 12 ірі жоба іске қосылды.

11 айда Алматыдағы салық түсімдері 1,97 трлн теңгеге жеткен Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте 2025 жылдың қаңтар-қараша айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштерін таныстырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты 

Биыл қалада іскерлік белсенділік жоғары деңгейде сақталып, инвестициялық серпін оң бағытта дамыды. 11 айдың қорытындысы бойынша қысқамерзімді экономикалық индикатор 11,4%-ға жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңінен асып түсті. Экономикалық өсімнің негізгі драйверлері ретінде құрылыс саласы (+38,3%), көлік (+21,5%) және өңдеу өнеркәсібі (+16,8%) аталды.

"Экономикалық өсім жоғары инвестициялық белсенділікпен нығая түсті: 11 айда 1,9 трлн теңге инвестиция тартылды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 19%-ға көп. Жалпы құны шамамен 500 млрд теңге болатын 12 ірі жоба іске қосылды. Олардың қатарында автокөлік шығаратын, шиналарды қайта өңдейтін, шыны ыдыс пен күн модульдерін өндіретін зауыттар бар. Жыл қорытындысы бойынша жалпы өңірлік өнімнің өсімі 6,4% деңгейінде болмақ. 11 айдағы салық түсімдері 1,97 трлн теңге болып, 19,4%-ға артты", – делінген қалалық әкімдік таратқан ақпаратта.

Тұрғындардың әл-ауқатын арттыру мақсатында жаңа жұмыс орындары құрылып жатыр. Жыл басынан бері 92 мың жұмыс орны ашылды, олардың 87%-ы – тұрақты. Тоғыз айдағы орташа айлық жалақы 539 мың теңгеге жетіп, 14,5%-ға өсті және республикалық орташа көрсеткіштен 29%-ға жоғары болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу