11 айда бюджетке 9,6 трлн теңге салық түсті

956

Бұл өткен жылмен салыстырғанда 28,8% жоғары.  

11 айда бюджетке 9,6 трлн теңге салық түсті

2021 жылғы қаңтар-қараша айларында мемлекеттік бюджетке кіріс ретінде 9,6 трлн теңге салық түсімі түскен, деп жазды Inbusiness.kz Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.

Қаңтар-қараша айларында мемлекеттік бюджетке салық түсімдері бойынша жоспар 102,6% орындалған. Жалпы бұған дейін 9 385,7 млрд теңге салық төленеді жеп күтілген. Жоспар 241,9 млрд теңгеге асыра орындалып, 9 627,6 млрд теңгені құрады.

Бұл өткен жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда 28,8% немесе 2 155,6 млрд теңге артық. 

"Оның ішінде, республикалық бюджет 100,8% орындалды (жоспар бойынша 6 353,1 млрд теңге, 50,9 млрд теңгеге асыра орындаумен 6 404 млрд теңге түсті), өткен жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда 33,0% немесе 1 590,6 млрд теңгеге өсті. Жергілікті бюджет 106,3% орындалды (жоспар бойынша 3 032,7 млрд.теңге, 191,0 млрд. теңгеге асыра орындаумен 3 223,6 млрд. теңге түсті) 2020 жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда 21,3% немесе 565,0 млрд теңгеге өсті" , – деп жазылған хабарламада. 

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, 2020 жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда Республикалық бюджетке түсімдер өсімінің ең көп сомасы мұнайға салынатын корпоративті табыс салығы бойынша 555,2 млрд теңгеге немесе 1,5 есе, экспорттық кеден баждары бойынша 463,6 млрд теңгеге немесе 2 есе, ЕАЭО елдерінен импортқа ҚҚС бойынша 219,2 млрд теңгеге немесе 36,9%, пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша 144,3 млрд теңгеге немесе 47,7% және 3-ші елдерден импортқа ҚҚС бойынша 125,6 млрд теңгеге немесе 21,6% артқаны байқалады. Комитеттің мәлімдеуінше, түсімдердің өсуіне мынадай факторлар әсер еткен. 

"Биылғы жылдың 11 айында өткен жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда негізгі экспорт позицияларындағы бағаның өсуі байқалады, оның ішінде мұнайға 70,9%, мысқа 54,1%, алюминийге 45,4%, мырышқа 33,4%, күміске 26,1%, қорғасынға 21,0% және алтынға 2,2%. Мұнайға салынатын әкету кедендік бажының мөлшерлемесі 66,3% өсті", – деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу