Ұлттық банк: 11 айда қазақстандықтар 431 млрд теңгеге шетел валютасын сатып алған

1015

Олар көбінесе доллар, рубль, еуро сатып алған.

Ұлттық банк: 11 айда қазақстандықтар 431 млрд теңгеге шетел валютасын сатып алған

2021 жылғы қарашада ел тұрғындары нетто-негізде 431 млрд теңгеге балама қаржыға қолма-қол шетел валютасын сатып алды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өткен аймен салыстырғанда шығыстар 1,5 есе ұлғайды (2021 жылғы қазандағы көрсеткіш – 294,5 млрд теңге), 2020 жылдың осы кезеңіне қарағанда (283,7 млрд теңге) нетто-сатып алу көлемі 1,5 есе өскен. 

"Шығыстың негізгі көлемі – 68,6% немесе 295,5 млрд теңге – доллардың, 20,6% немесе 88,8 млрд теңге – Ресей рублінің үлесінде, 10,8% немесе 46,4 млрд теңге – еуроны сатып алуға бағытталды", – деп жазылған хабарламада.

Бір айда долларды сатып алу шығысы 1,6 есе, рублді сатып алу – 23,0%, еуроны сатып алу шығысы 37,5%-ға өскен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу