11 ақпанда Ай тұтылып, комета Жерге жақындайды

569

11 ақпанда Ай тұтылып, комета Жерге жақындайды

Жұма күні жер бетінде Ай тұтылып, сенбі таңертең 45Р кометасы Жерге жақындайды. Аталған құбылысты АҚШ тұрғындары сағат 17:34 шамасында, ал ұлыбританиялықтар сағат 22:33-те бақылай алады. Бұл туралы  reactor.inform.kz сайты жазып отыр.

Әлем халқы алдағы сенбі күні табиғаттың ерекше құбылысын бақылайтын болады. Сол себепті алдын ала дүрбілеріңізді дайындай бергендеріңіз жөн. Жұма күн Ай тұтылады. Араға бірнеше сағат салып 45Р кометасы Жердің қасынан ұшып өтеді. Әдетте тұтылу деп Күн, Жер, Айдың бір қатарға тізілуін айтамыз. Осылайша Жердің көлеңкесі Ай бетіне түседі. Аспанда бұлт болмаса, Ай сұр түсті (Бетін Жердің жапқанына қарамастан) шуақ шашады.
Бұл құбылыстарды Еуропа, Африка мен Азияда кешкі мезгілде Оңтүстіктен бақылауға болады. Ал Солтүстік, Орталық және Оңтүстік Америкада мұны шығыстан көрген дұрыс. Ұлыбританияда Ай 22:33-тен бастап, 2:53-ке дейін тұтылады. Ал Нью-Йоркте бұл құбылыс 17:34-тен басталып, 21:53-ке дейін созылады.

“Жай көзге көрінбейтін 45Р кометасы 11 ақпан күні Жердың тура қасынан ұшып өтеді. Жер екеуінің ара қашықтығы астрономиялық бірлікте 0,08-ді құрайтын болады. Шамамен Бұл құбылыс Геркулес жұлдызы көкке көтерілген кезде басталады. Комета әр 5 жыл сайын Күнге қарай жылжып отырады. Оның көкшіл жасыл түсті “басы” бар”, – деп мәлімдеді НАСА. Көп жылда бір рет қана келетін құбылыстарды жай көзбен көру мүмкін емес. Сол себепті алдын ала дүрбі немесе телескоп әзірлеген дұрыс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу