11 баланы мектептерге шабуыл жасауға дайындаған

687

Сондай-ақ, шөлдегі жасырын лагерьден өткен жылы желтоқсан айында жоғалып кеткен 4 жасар баланың мәйіті табылды.

11 баланы  мектептерге шабуыл жасауға дайындаған

АҚШ-тың Нью-Мексика штатындағы шөлейтте 11 баланы заңсыз лагерьде ұстағандар оларды ел аумағындағы мектептерге шабуыл жасауға дайындаған, деп хабарлайды 24.kz.

Полиция істі тергеу барысында осыны анықтады. Сондықтан прокурорлар соттан жеткіншектерді күштеп ұстап келген Сираж ибн Вахажды бостандыққа жібермеуді сұрады.

Еске сала кетейік, өткен жұма күні Нью-Мексика полициясы "аш отырмыз, бізге су мен тамақ қажет" деген хабарлама алған соң, осы лагерьді тексеруге келген. Бұл жерден әбден ашыққан 11 бала мен үш әйелді және екі қарулы ер адамды кездестіреді.

Сондай-ақ лагерьден өткен жылы желтоқсан айында жоғалып кеткен 4 жасар баланың мәйіті табылды.

Белгілі болғандай күдіктілер балаларға қару атуды үйретіп, мектептерге шабуыл жасауға дайындаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу