11 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

211

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 19 сәуірге ауа-райы болжамын ұсынады, деп жазады inbusiness.kz сайты.   

11 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды   Фото: inbusiness.kz

Синоптиктердің болжамы бойынша, Жетісу облысының таулы аудандарында күндіз тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады. Облыстың солтүстігінде, орталығында түнде 1-3 градус үсік жүреді.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында қар жауып, көктайғақ болады, күндіз облыстың батысында, шығысында көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын (көбінесе қар) жауады, көктайғақ болады. Батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с.

Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында тұман түседі. Жел солтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Жел солтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Ақмола облысының батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Түнде облыстың шығысында көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с.

Қызылорда облысында жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Ақтөбе облысында оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні 15-18 м/с.

Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман түсіп, күндіз найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың оңтүстігінде топырақ бетінде 1 градус үсік сақталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу