11 қалада "Ашық аспан" режимі енгізілуде

2133

Бұл өз кезегінде Қазақстанның транзиттік әлеуетін көтеруге, отандық әуежайлар арқылы өтетін транзиттік жолаушылар ағынын арттыруға мүмкіндік бермек.

11 қалада "Ашық аспан" режимі енгізілуде

Бүгіннен бастап Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Қарағанды, Өскемен, Павлодар, Көкшетау, Тараз, Петропавл, Семей қаласы әуежайларында рейстердің саны бойынша шектеулерді алып тастауды және қазақстандық тасымалдаушылар жүзеге асырмайтын бағыттар бойынша шетелдік авиакомпанияларға 5 дәрежелі "ауа еркіндігін" ұсынуды көздейтін "ашық аспан" режимі енгізіледі. Бұл туралы ҚР ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады.

Айта кетсек, 5 дәрежелі "ауа еркіндігі" бар ұшулар – бұл шетелдік авиакомпаниялардың Қазақстан қалалары арқылы үшінші елдердің қалаларына ұшуы. Ол өз кезегінде Қазақстанның транзиттік әлеуетін көтеруге, отандық әуежайлар арқылы өтетін транзиттік жолаушылар ағынын арттыруға мүмкіндік бермек.

"Ашық аспан" режимінің жұмыс істеу мерзімі 3 жылды құрайды және одан әрі ұзартылуы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу