11 колледж PlatonusCollege электрондық жүйесіне қосылады

760

Бүгінгі таңда жүйеге қосылған бір ғана колледж бар.

11 колледж PlatonusCollege электрондық жүйесіне қосылады

Атырау облысында білім беруді цифрландыру бағдарламасы аясында "жол картасы" әзірленді. Бұл жұмыс облыстың кәсіптік-техникалық колледждерінде жүргізіледі, деп хабарлайды atr.kz.

Бүгінгі таңда бір колледж "PlatonusCollege" автоматтандырылған электрондық жүйесіне қосылған. Жақын арада осы жүйеге тағы 11 колледжді қосу жоспарланып отыр. Бұл жүйе студенттерді оқу орындарына қабылдау үдерісін автоматтандырады және оқу процессінің жүйесін және оқу үрдісін бақылауды жеңілдетеді.

Конференцияға ҚР білім және ғылым министрлігінің балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Нұрбек Оршубеков, Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры Жанбота Қабдықаримов, Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің ректоры Ербол Бекмұхамбетов қатысты.

Баяндаушылар Қазақстанда енгізілетін оқытудың жаңа формалары, Назарбаев зияткерлік мектебінің тәжірибесі, үш тілде білім беру жүйесі туралы айтып берді.

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев конференция жұмысын қорытындылап, білім беру саласында үлкен жұмыстар атқарылғанын айтып өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу