11 қыркүйектегі лаңкестіктің екі құрбаны анықталды

947

Шабуыл салдарынан қаза тапқан 2753 адамның 1106-ы (40%-ы) әлі күнге дейін анықталған жоқ.   

11 қыркүйектегі лаңкестіктің екі құрбаны анықталды Фото: reuters.com

Нью-Йорктің бас сот-медициналық сарапшысының басқармасы 2001 жылы 11 қыркүйекте Дүниежүзілік сауда орталығында болған террорлық шабуылдардың екі құрбанын анықтады, деп хабарлайды Inbusiness.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.

"Хемпстедтік (Нью-Йорк штаты) Дороти Морган – лаңкестіктің 1646-шы құрбаны, отбасының өтініші бойынша аты жарияланбаған ер адам – 1647-ші құрбан", – деп жазылған хабарламада.

Шабуыл салдарынан қаза тапқан 2753 адамның 1106-ы (40%-ы) әлі күнге дейін анықталған жоқ.

Бұған дейін АҚШ-та осы террорлық шабуылдарға қатысты құпия тергеу материалдары жарияланатыны хабарланған болатын. Осы материалдардан құпиялылық белгісін алып тастау президент Джо Байденнің сайлау алдындағы уәделерінің бірі еді.

2001 жылдың 11 қыркүйегінде АҚШ-та бірқатар террорлық шабуыл жасалды. Террористер екі лайнерді Нью-Йорктегі Дүниежүзілік сауда орталығының мұнараларына, ал үшіншісін Вашингтондағы Пентагон ғимаратына бағыттаған болатын. Шабуылдарды "Әл-Каида" террористік ұйымы өз мойнына алды.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу