11 мамыр күні ауа райы қандай болады

680

Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, жел күшейеді. 

11 мамыр күні ауа райы қандай болады Фото: inbusiness.kz

Синоптиктер 2023 жылдың 11 мамырында Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz

"Қазгидромет" РМК мәліметі бойынша, атмосфералық фронтальды учаскелердің өтуімен республиканың басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Тек еліміздің оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Еліміздің солтүстік-батыс, батыс, солтүстікте тұман күтіледі, жел күшейеді.

Астанада – көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады 9-14, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +10+12°С, күндіз +24+26°С.

Алматыда – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде +14+16°С, күндіз +29+31°С.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу