11 маусымда республикалық ақындар айтысы өтеді

1005

11 маусымда республикалық ақындар айтысы өтеді

Екібастұз қаласының 60 жылдығына орай "Екібастұз жәннат жайым, алтын бесік мекенім" атты республикалық ақындар айтысы өтеді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

"Атамұра" мәдениет орталығы ұсынған ақпаратқа сүйенсек, жыр додасына көршілес облыстардан жалпы 12 суырып-салма ақын келеді.

"Айтыста семейлік Серік Молдабек, қарағандылық Мақсат Аханов, Дидар Қамиев, павлордарлық Қуанышбек Шарманов, баянауылдық Тілек Сейіт, екібастұздық Рауан Қайдаров, Бағдат Әлекбаев, "Алтын домбыра" иегері Аспанбек Шұғатаевтар бастаған сөз сүлейлері бақ сынайды. Аламанның негізгі тақырыбы қаланың мерейтойы, тарихы мен жетістіктерін арқау етіп, Тәуелсіздігімізді жырға қосу", - деп мәлім етті облыстық мәдениет басқармасы.

Айта кетейік, республикалық көлемдегі айтыс "Өнер" қалалық мәдениет сарайында 11 маусымда өтеді. Басталуы: сағат 12:00-де. Кіру тегін.

Еске салайық, Екібастұз қаласында өткен жылдың желтоқсан айында халықаралық ақындар айтысы өткен болатын. Аламан доданың бас жүлдесі мен 500 мың теңгелік сыйлықты қарағандылық Дидар Қамиев алған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу