11 мың шақырым жол ақылы болады

981

Төлем жүйесі енгізілген автожолдан 4 млрд теңгеден астам қаражат түсті.  

11 мың шақырым жол ақылы болады

2024 жылға қарай республикалық маңызы бар жолдардың 11 мың шақырымы ақылы жолға айналады. 
Ақылы жол жобасы 2 кезеңнен тұрады. Алғашқы кезеңде, яғни 2020- 2021 жылдар аралығында автомобиль жолдарының 6 мыңға жуық шақырымына төлем жүйесі енгізіледі. Бұл – "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" халықаралық транзиттік дәлізінің, Нұр-Сұлтан – Қостанай – РФ шекарасы, Щучинск – Петропавл, Нұр-Сұлтан – Павлодар, Қалбатау – Павлодар – РФ шекарасы (Омбыға), Таскескен – Бақты, Қапшағай – Талдықорған, Атырау – Орал, Атырау – Доссор – Бейнеу – Ақжігіт  - Өзбекстан Республикасының шекарасы және Ақтау – Бейнеу жолдарының учаскелері. 

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2022-2023 жылдар аралығында автомобиль жолдарының қалған 5 мың шақырымы ақылы болады. 
Бүгінгі таңда ақылы "Нұр-Сұлтан – Щучинск", "Нұр-Сұлтан – Теміртау, "Алматы – Қорғас" және "Алматы – Қапшағай" жолдарынан түскен қаражаттың жалпы сомасы 4 млрд теңгеден асты. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу