11 мың шақырым жол ақылы болмақ

1002

Биыл жаңартудан өткен 5700 шақырым жолға төлем алу жүйесі орнатылады.   .

11 мың шақырым жол ақылы болмақ

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Сайранбек Бармақов еліміздегі ақылы жолдар санының көбейетіні туралы айтып өтті.

"Бүгінгі таңда ел аумағында ұзындығы 682 шақырымды құрайтын ақылы 4 жол учаскесі бар. Бұл Нұр-Сұлтан – Щучье қаласы, Нұр-Сұлтан – Теміртау, Теміртау – Қорғас, Алматы – Қапшағай жолдары. Биылғы жылдың 20 сәуіріне дейін ақылы жолдардан жиналған қаражат көлемі 1 млрд 3 млн теңгені құрады. Жолдарда төлем алу жүйесін алдағы уақытта да енгізу мақсатында 11 мың шақырым жолда төлем алу жүйесін орнату және оны күтіп ұстау жөнінде келісімге қол қойылды. Биыл реконструкциядан өткен 5700 шақырым жолға төлем алу жүйесі орнатылады. Қалған 5300 шақырым жол қайта жаңарту мерзіміне орай, 2024 жылға дейін төлем жүйесі енгізіледі", – деді ол.

"QazAvtoJol" ҰК" АҚ Басқарма төрағасы Ұлан Әліпов биыл жолдардың қай бөлігі ақылы болатынын нақтылап айтып өтті.

"Бірінші, Шымкент – Ташкент бағыты, одан кейін Қапшағай – Талдықорған, Павлодар – Нұр-Сұлтан, Павлодар – Омбы бағытындағы Ресеймен шекараға дейін. Еліміздің батысында Атырау – Ақтау, Бейнеу – Ақжігіт, Ақтөбе – Орал, Орал – Тасқала, Орал – Самара бағытында жылдың аяғына дейін монтаждау жұмыстарын аяқтап, сынау үшін іске қосамыз", – деп атап айтты Ұлан Әліпов.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу