11 мыңға жуық үміткер магистратурада оқуға түсуге өтініш берген

79

Үміткерлердің басым бөлігі педагогикалық ғылымдар мен инженерия, өңдеу және құрылыс салаларын таңдаған.   

11 мыңға жуық үміткер магистратурада оқуға түсуге өтініш берген Фото: Ұлттық тестілеу орталығы

Қазақстанның жоғары оқу орындарында магистратурада білім алу үшін 11 мыңға жуық адамның өтініші қабылданды, деп жазады inbusiness.kz сайты Ұлттық тестілеу орталығына сілтеме жасап.

Үміткерлердің көбі педагогикалық ғылымдар мен инженерия, өңдеу және құрылыс салаларын таңдаса, одан кейінгі орында бизнес, басқару және құқық салалары тұр.

Үміткерлер таңдаған салалар туралы статистика төмендегідей:

"Даярлау бағытын (бейіндік және ғылыми-педагогикалық) және тестілеу тілін кешенді тестілеу басталғанға дейін жеке кабинетте өзгертуге болады. 14 қараша күні кешенді тестілеудің күні, орны, уақыты туралы ақпарат түсуішінің жеке кабинетінде жарияланады", – делінген Ұлттық тестілеу орталығы таратқан хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу