11 мыңнан астам қазақстандық қайтыс болды – Алексей Цой

1254

Тамыз айының басынан бастап коронавирус инфекциясының таралуы көрсеткіші 9%-ға төмендеді.  

11 мыңнан астам қазақстандық қайтыс болды – Алексей Цой

Бұл туралы үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Елімізде дельта штаммының анықталуына байланысты шілде айында COVID-19 ауруын жұқтыру көрсеткіші өсті. Ал тамыз айының басынан бастап Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус инфекциясымен  сырқаттану көрсеткіші азайып, COVID-19   бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталды", – деді Алексей Цой. 

Министрдің мәлімдеуінше, 1 тамыздан бастап елімізде COVID-19, таралу индексі 9%-ға төмендеді.

"Пандемия басталғаннан бері елімізде ПТР растамаған коронавирус пен пневмония белгісі бар 720 мың жағдай тіркелді. Тек соңғы тәулікте оң және теріс ПТР-тесті бар 8,2 мың адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Бұл аурулардан 11 мыңнан астам қазақстандық қайтыс болды", – деді Алексей Цой.

 

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу