11 облыста әлі де өрт қауіпі бар: Қазгидромет ескерту жасады

86

"Қазгидромет" РМК-сы тамыздың 15-і күнгі күн райы болжамын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

11 облыста әлі де өрт қауіпі бар: Қазгидромет ескерту жасады Фото: freepik

Кәсіпорынның деректеріне қарағанда, солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық ағындардың салдарынан еліміздің батысында, солтүстігінде, шығысында және елдің орталығында найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

Қазақстанның солтүстігінде бұршақ жауып, дауыл тұрады, жаңбыр жауады. Антициклон сілемінің әсерінен республиканың оңтүстігінде ғана күн жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша жел күшейеді түнде және таңертең солтүстікте тұман түсіп, күндіз елдің оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады.

Алматы облысында, Жетісу облысында, Атырау облысының батысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде, Жамбыл облысының орталығында, Абай облысының солтүстік-батысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Ұлытау облысының орталығында, батысында, Маңғыстау облысының орталығында, Павлодар облысының оңтүстік-шығысында өрт қаупі жоғары болады деп күтілуде.

Түркістан, Қызылорда облыстарында, Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, Маңғыстау облысының орталығында, Алматының батысында, солтүстігінде, шығысында, Жамбыл облысының солтүстігінде, батысында, шығысында, Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде, Ұлытау және Абай облыстарының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу