2 қарашада түнде және таңертең Жамбыл облысының таулы аймақтарында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аймақтарда 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с.
Таразда оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
Қызылорда облысының орталығында оңтүстік-батыстан соққан жел 15-20, күндіз 25 м/с болады.
Қызылордада оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.
2 қарашаға қараған түні Қарағанды облысының шығысында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел орталықта оңтүстіктен, облыстың шығысында екпіні 15-20, кейде 25 м/с дейін барады.
Қарағандыда күндіз оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні – 18 м/с.
Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні – 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде түнде және таңертең көктайғақ, аздаған бұрқасын болады. Солтүстік-батыс, батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, күндіз басым бөлігінде екпіні – 15-20 м/с болады.
Оралда түнде және таңертең көктайғақ болып, баяу бұрқасын соғады. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні – 18 м/с.
Түркістан облысының таулы және тау бөктеріндегі аймақтарында таңертең және күндіз қатты жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тауларда тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстікте, батыста солтүстік-батысқа ауысады, таулы және тау етегіндегі аудандарда – 15-20, таулы асуларда екпіні – 23-28 м/с.
Шымкентте 2 қарашада таңертең және күндіз қатты жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, екпіні –15-20 м/с жетеді.
Түркістанда оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыстан соғады, екпіні – 15-20 м/с.
Жетісу облысының таулы аймақтарында түнде және таңертең тұман түседі. Шығыстан соғатын желдің Алакөл маңында екпіні – 15-20 м/с жетеді.
Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Облыстың оңтүстік-батысында және солтүстігінде көктайғақ болуы мүмкін.
Петропавлда күндіз көктайғақ. Күндіз оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с.
Атырау облысының басым бөлігінде батыстан соғатын желдің екпіні – 15-20 м/с күтіледі.
Атырауда батыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с.
Маңғыстау облысында солтүстік-батыстан, батыстан соғатын жел батыста, солтүстікте, облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с күшейеді.
Ақтауда солтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің екпіні – 15-20 м/с жетеді.
Күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде баяу бұрқасын соғады. Солтүстікте түнде оңтүстік-батыстан соғатын жел, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні – 15-20 м/с жетеді.
Ақтөбеде күндіз баяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні күндіз – 15-20 м/с.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, қараша айында республиканың бүкіл аумағында ауа температурасы климаттық норма шегінде болады, жауын-шашынның таралуы келесідей: Қазақстанның батыс жартысында төменгі норма, шығыста нормаға жуық.