11 облыста ыстық: 26 маусымға ауа райы болжамы жарияланды

169

"Қазгидромет" РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 26 маусымда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп жазады inbusiness.kz сайты.  

11 облыста ыстық: 26 маусымға ауа райы болжамы жарияланды Фото: Profhobby.ru

Күндіз Абай, Жетісу, Ұлытау, Алматы, Павлодар, Қарағанды, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қызылорда облыстарында, Маңғыстау облысының оңтүстігінде, Түркістан облысының батысында және шөлді аудандарында қатты ыстық күтіледі.

Солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысқан атмосфералық фронтальды бөліктер Қазақстан территориясы арқылы жылжи отырып, найзағаймен жаңбыр, еліміздің батысында қатты жаңбыр алып келеді. Тек республикамыздың шығысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында көбінесе жауын-шашынсыз. Республика бойынша желдің күшеюі, батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде дауыл, бұршақ күтіледі.

Күндіз Абай, Жетісу, Ұлытау, Алматы, Павлодар, Қарағанды, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қызылорда облыстарында, Маңғыстау облысының оңтүстігінде, Түркістан облысының батысында және шөлді аудандарында қатты ыстық күтіледі.

Ақтөбе облысында, Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, Абай, Қостанай облыстарының батысында, солтүстігінде, Қарағанды облысының батысында, орталығында, Ақмола облысының батысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында, Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында, Павлодар облысының шығысында, орталығында, Атырау облысының батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Ұлытау, Алматы облыстарында, Маңғыстау облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Абай облыстарының оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында  төтенше өрт қаупі сақталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу