11 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

333

Астанада түнде және таңертең тұман түседі.

11 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды Фото: Inbusiness.kz

Қазгидромет еліміздің 11 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Синоптиктердің болжамы бойынша, 4 қараша күні Астанада түнде және таңертең тұман түседі.

Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғып, бағытын солтүстік-батысқа ауыстырады, облыстың батысында, солтүстігінде және орталығында жел екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында түнде және таңертең тұман түседі.

Жетісу облысының таулы аудандарында түнде және таңертең тұман түседі. Алакөл ауданында оңтүстік-шығыстан жел соғып, күшін 15-20 м/с, кей уақытта екпіні 23-28 м/с дейін жетеді.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде түнде және таңертең тұман болады.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында түнде және таңертең тұман түседі.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғып, күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында жел күші 15-20 м/с болады.

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде тұман болады.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Облыстың батысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғып, бағытын солтүстік-батысқа ауыстырады, облыстың көп бөлігінде желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді.

Ұлытау облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман түсетіні болжанып отыр.

4-6 қараша күндері Жамбыл облысында солтүстік-шығыстан жел соғып, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аймақтарында күші 15-20 м/с, екпіні 23 м/с дейін жетіп, тұман болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу