11 пойыз тұрып қалған Шу-Отар учаскесінде қозғалыс қайта жанданды

313

13 желтоқсаннан бері жолдардан 11 мың текше метрден астам қар шығарылды. 

 11 пойыз тұрып қалған Шу-Отар учаскесінде қозғалыс қайта жанданды Фото: ҚТЖ

Еске сала кетсек, бұған дейін қарлы боран салдарынан 11 пойыз тұрып қалған Жамбыл облысындағы Шу-Отар теміржол учаскесінде қозғалыс қайта жанданды, деп хабарлады "Қазақстан темір жолы" ҰК.

"Теміржолшылар арнайы техниканың көмегімен тәулік бойы белсенді түрде қарды шығаруда. 13 желтоқсаннан бері жолдардан 11 мың текше метрден астам қарды тазаланды", - делінген хабарламада.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты төтенше жағдай жарияланған аймақта пойыздардың жүру жылдамдығына шектеу қойылды. Жолаушылар пойыздарының кешігуі және тоқтатылуы туралы ақпаратты 1433 тегін нөміріне қоңырау шалу және KTZH_PP_BOT Telegram боты арқылы алуға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу