"11 санын жазды": Салтанат Нүкенова ағасының түсіне кіріп, аян берген

34775

Айтуынша, түсі өте анық, ұзақ және шын өмірдегідей болған.

"11 санын жазды": Салтанат Нүкенова ағасының түсіне кіріп, аян берген Фото: @aitym

Қазір Айтбек Амангелді қарындасының есімін қараламай, оның өліміне себепкер болған адамдар заң түрінде қатаң жазалануына барын салуда.

Еліміздің білікті адвокаттары көмекке келіп, күн сайын сот процесінде мүдделерін қорғап келеді.

Одан бөлек, қаншама қазақстандық марқұмның ағасына жан-жақты қолдау білдіруде.

Айтбек Амангелді Дана Орманбаеваның "Дай слово" бағдарламасына берген сұхбатында түсінде Салтанатты көргенін айтты. Түсі өте анық, ұзақ және шын өмірдегідей болған.

Бұл түсті ағасы қараша айының ортасында көрген. Көргенін жақын адамымен бөліскен. Ол әйел мешітте жұмыс істейді.

Айтуынша, ол әйелдің өлген адамдардың рухымен сөйлесе алатын қасиеті бар. Салтанат оған жерлеу рәсіміне қатысып, сөз сөйлеуді сұраған екен.

Кеше, яғни 11 сәуір күні Парламент тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заң қабылдады. Аталған заң әйелдер мен балалардың қауіпсіздігін күшейтеді.

Осы тұста Айтбек Амангелді түсінде көрген сол екі санды "11" деп өзінше жорамалдады. Ойынша, Салтанат оған аян берген.

11 қараша – Салтанат жер қойнына тапсырылды.

11 наурыз – Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдалым өтті.

11 сәуір "Салтанат заңы" қабылданды.

"Енді не болады? Тағы бір айтылмаған дүние бар. Оны сот отырысы аяқталған соң айтамын", – деп жазды Айтбек Амангелді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу