11 тиімсіз субсидия алынып тасталды

1128

11 тиімсіз субсидия алынып тасталды

Ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғанов АӨК дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында ауыл шаруашылығы министрлігі ауыл шаруашылығының басым бағыттарын дамыту және АӨК мемлекеттік қолдауды жетілдіру карталарын әзірлегенін айтты, деп хабарлайды primeminister.kz.

Аграрлық ғылымды жаңғырту картасы жобасында субсидиялаудан жеңілдікті несиелендіруге көшудің кезеңдік жоспары бекітілген. Осылайша, субсидиялаудың тиімділігін арттыру және АӨК субъектілерін мемлекеттік қолдау шараларымен қамтуды арттыру мақсатында биыл субсидияның 65 түрі қайта қаралды. 11 тиімсіз субсидия алып тасталды, 40-ы бойынша критерийлер өзгертілді.

Екінші кезең аясында ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді барынша қамтумен субсидиядан қолжетімді және қайтарымды несиелендіруге көшу мәселесі пысықталуда. Несиемен алмастыру үшін субсидияның 15 түрі алдын ала анықталған. Оған қоса, жыл сайын 24 млрд теңге босатылады.    

Еске салсақ, бүгін премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен ҚР үкіметі отырысында ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдауды жетілдіру жөніндегі алдағы шаралар қайта қаралды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу