"11 жыл бөлек тұрған ана мен баланы қосты": Ерке Есмахан Райымға алғыс айтты

6363

Танымал әнші күйеуі Райымның қандай әке екенін де айтты.   

"11 жыл бөлек тұрған ана мен баланы қосты": Ерке Есмахан Райымға алғыс айтты Фото: instagram.com

Декреттік демалысқа кеткен әнші Ерке Есмахан оқырмандарын толғандырған сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Еркенің оқырмандары бірінші некесінен туған ұлы Муслим мен күйеуі Райымның қарым-қатынасын сұрады. Ол Райымның қандай әке екенін де айтты. 

“Райым бұрыннан мейірімді жан ғой. Қазір тіпті ғажап. Райымдай әке жоқ. Ислам бақытты бала, осындай әкесі бар. Муслиммен де қарым-қатынасы керемет. Ұлым туғаннан анамның қасында болды. Тұрмысқа шыққан бойда Райым “Муслим бізбен тұрады” деді. Содан қолымызға алдық. Міне, бақытты жанұямыз. Бұрын мен қандай анамын деген ой жиі мазалайтын. Қазір қос ұлым жанымда. Райым 11 жыл бөлек тұрған ана мен баланы қосты”, – деп жауап берді оқырман сұрағына әнші. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу