11 жыл бұрын салынған сүт зауыты әлі күнге іске қосылмаған

1284

11 жыл бұрын салынған сүт зауыты әлі күнге іске қосылмаған

Жаңаарқа ауданындағы 2006 жылы іргетасы қаланған сүт зауыты осы күнге дейін бірде-бір өнім өндірмеген, деп хабарлайды kartv.kz.

Мемлекеттің 63 миллион теңгесіне тұрғызылған зауыт елімізде тек бірді-екілі кәсіпорындарда ғана бар заманауи қондырғылармен жабдықталған
Атасу кентінде орналасқан сүт зауыты 2006 жылы салынған. Ал 3 жылдан кейін Болгариядан жаңа қондырғылар жеткізіліпті. Ол үшін "Аграрлық несие корпорациясы" 63 миллион теңге бөлген. Алайда зауыт жұмысын жолға қою үшін, ақша қарастырылмапты. Осының салдарынан зауыт іске қосылмай қалған. Кәсіпорын қожайындары болса алған несиені өтеп жатыр.

Зауыттың жұмысын жолға қою үшін шамамен 50 миллион теңгедей қаржы керек екен. Ал кәсіпорын қожайындары несие алғанда барлық дүние-мүлкін кепілдікке қойыпты. Жергілікті билік өкілдері қаражат алудың басқа көздерін іздестіруде.

Зауыттың үш үлескері қажет қаражаттың шамалы мөлшерін тапса, келесі жылдың көктемінде кәсіпорын іске қосылмақ.

Бұл зауыт бір ауысымда 10 тонна сүт өндіріп, 11 түрлі өнім шығарады. Еш қалдықсыз, тіпті, ең соңында  көк сүтінен су сабын да жасайды екен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу