11 жылға сотталған Талдықорған полициясының экс-басшысы апелляциялық шағым түсірді

278

Ол қыз зорлағаны үшін 11 жылға сотталған еді.

11 жылға сотталған Талдықорған полициясының экс-басшысы апелляциялық шағым түсірді Фото: gov.kz

Қыз зорлағаны үшін 11 жылға сотталған Талдықорған қалалық полиция басқармасының бұрынғы басшысы Марат Күштібаев апелляциялық шағым түсірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Жетісу облыстық сотының баспасөз қызметі мәлім еткендей, бас бостандығынан айырылған азаматтың арызы 17 шілде күні түсті.

"Іс Жетісу облыстық сотының апелляциялық алқасына келіп түсті", – деп хабарлады соттың баспасөз қызметінен.

Еске салайық, осы жылдың сәуір айында Талдықорған полициясының бастығы кабинетінде қыз зорлағаны үшін 11 жылға сотталған еді.

Ол былтыр қарашада Талдықорған полициясының басшысы Марат Күштібаев қыз зорлады деген күдікпен ұсталған болатын.

Мәліметке сенсек, қылмыс оның кабинетінде болған.

Ақпан айының соңында Марат Күштібаевқа қатысты сот отырысы басталған еді.

Процесс жабық режимде өтті.

Наурыз айында Марат Күштібаевтың денсаулығы сыр беріп, сот залынан ауруханаға алып кетті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу