110 тонна бекіре өртеледі

1847

Балық өңірдегі кәсіпорынның бірінде жойылмақ. 

110 тонна бекіре өртеледі

Атырау облысында жаппай қырылған 110 тоннаға жуық бекіре өртелетін болды. Балық өңірдегі кәсіпорындардың бірінде жойылмақ. Қазіргі уақытта ол үшін арнайы орын белгіленген. Мамандар бекірелерді тасымалдауға бірнеше күн кеткенін айтады.

Еске салайын, аймақта балықтың жаппай қырылуы алғаш рет былтырғы жылдың желтоқсан айында тіркелген. Олардың су құрамындағы мөлшерден тыс аммиак пен хлордан уланғанын зертханалық зерттеу растады. Содан бері 3 айға жуық уақыт өтсе де кінәлілер әлі анықталған жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу