110 тонна шөп өртенді

687

110 тонна шөп өртенді

Успен ауданында 110 тонна шөп жанып кетті. Бұл туралы облыстық ТЖД хабарлады, деп жазады pavlodarnews.kz. 

"Бұрынғы Образцовка ауылының аумағында орналасқан "Еңбек" фермерлік шаруашылығында мал ұстайтын бос базаның төбесі жанып, төменге опырылып түскен. Нәтижесінде қызыл жалын 110 тонна шөп пен 1334 шаршы метрді шарпыған. Қазіргі таңда оқиға орнында арнайы топ пен мамандар жұмыс істеуде. Өртті ауыздықтауға жеке құрам мен фермерлік шаруашылықтан, еріктілер қатарынан 18 адам мен бес техника жұмылдырылды", - деді департаментте.

Успен ауылдық округінің әкімі Александр Калинаның айтуынша, тілсіз жау шамамен түнгі сағат екі мен үштің аралығында орын алған. Зардап шеккендер жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу