1100 гектардан астам жер өртеніп жатыр

527

Абай облысында  "Семей Орманы" резерватына қарасты аумақта 1100 гектардан астам аумақ өртеніп жатыр.  

1100 гектардан астам жер өртеніп жатыр Фото: Абай облыстық ТЖД баспасөз қызметі

Қызыл жалын кеше Ресей Федерациясының Алтай аймағындағы далада тұтанып,  Абай облысының территориясына тез тарап кеткен.

Елді мекендерге келер қауіп жоқ. Халыққа хабар беру үшін Ивановка ауылы мен "Березовка" шипажайының маңында жергілікті полиция мен жеке құрамнан құрылған топ қарауылға қойылды. Өрт сөндіру техникалары жұмыс істеп жатыр,  – деп хабарлайды Абай облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Өртті сөндіру үшін Абай облыстық Төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамының 68 маманы мен 20 техник жұмыс істеуде. Шығыс Қазақстан облысының 30 құтқарушысы мен арнайы техникалары да көмекке келген. Сондай-ақ "Семей Орманы" табиғи орман резерватының мамандары да оқиға орнында тілсіз жаумен күресіп жатыр.

Елді мекендерге өрт таралып кетпес үшін Ивановка ауылының аумағын қоршап жырту жұмыстары жүргізілуде.

Тілсіз жауды ауыздықтауға өрт сөндіру көліктерінен бөлек, ҚТЖ ұлттық компаниясының өрт сөндіру пойызы жұмылдырылған. Жанып жатқан төңіректі бағылау үшін Астанадан МИ 873 тікұшағы шақырылған.

Таңғы 05:00 шамасында Алтай аймағында тұтанған өрт ауыздықталған. Ал "Семей Орманы" резерватына қарасты жерлерде қызыл жалынды сөндіру жалғасып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу