11 ресейлік спортшы FIS аясында өтетін жарыстарға қатыстырылмайды

766

11 ресейлік спортшы FIS аясында өтетін жарыстарға қатыстырылмайды

Халықаралық шаңғы спорты федерациясы (FIS) бұрын Халықаралық Олимпиада комитетінің комиссиясы дисквалификация жариялаған 11 ресейлік спортшыны FIS аясында өтетін жарыстарға қатыстырмайтынын мәлімдеді. Бұл туралы федерацияның ресми сайты хабарлап отыр, деп жазады prosports.kz.

Халықаралық федерацияның қаһарына ұшыраған Александр Легков, Евгений Белов, Алексей Петухов, Максим Вылегжанин, Евгения Шаповалова, Юлия Иванова, Анастасия Доценко, Юлия Чекалева, Никита Крюков, Наталья Матвеева және Александр Бессмертныхтың жазаға ұшырауына допинг дауы себеп болып отыр. Олар енді FIS-тің райынан қайтып, өздеріне кешірім жариялауын күтетін болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу