113 қазақстандық "Болашақ" халықаралық стипендиясының иегері атанды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, 113 қазақстандық "Болашақ" стипендиясына ие болған. Шешім Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысында қабылданды.
Конкурстық іріктеуден өткен стипендиаттар магистратура мен докторантурада оқиды немесе әлемнің жетекші университетінде тағылымдамадан өтеді.
Айта кетейік, "Болашақ" стипендиясын тағайындау 3 рет өткізіледі. Қорытынды маусым, тамыз және қарашада шығарылады.
2021 жылы "Болашақ" бағдарламасы бойынша оқуға барлығы 1055 стипендия бөлінген: оның 555-сі магистратура, резидентура, докторантура бағдарламалары бойынша берілді.
Халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау 4 мамырдан басталып, 28 қазанға дейін жалғасады.