Құрамында 98 жүк және 16 жеңіл автомобиль бар колоннаны полицейлер мен құтқарушылар, сондай-ақ қар жинайтын техника алып жүруде, деп хабарлайды Polisia.kz.
"Сағат 14.30-да колонна Ерейментау ауданының Новомарковка ауылына жеткен. Елдімекен аумағында блок бекет ұйымдастырылып, Нұр-Сұлтан бағытындағы жол учаскесін тазартқаннан кейін жүргізушілер жолды жалғастыратын болады",– делінген хабарламада.
140 адам (102 автомашинадан) жол бойындағы дәмханаға орналастырылыпты, тағы 12 көлік Торғай ауылының ауданында тоқтаған, ал 28 адам осы көліктерден жылыту пункті ашылған Ерейментау орта мектебіне эвакуацияланды.
"Эвакуациялық-құтқару іс-шаралары барлық жабық және қар басқан автожолдарда жүріп жатыр. Полицейлер мен құтқарушылар күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Олардың міндеті-жүргізушілер мен олардың жолаушыларын жолдың оқшауланған учаскелерінен босату ғана емес, сондай-ақ төтенше жағдайларда жол жүру кезінде олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету",– деп жазады ақпарат көзі.