114 мопед жүргізушісіне 700 мың теңге көлемінде айыппұл салынды

586

Бір тәулікте 700 мың теңге көлемінде 114 мопед жүргізушісіне айыппұл салынды, деп жазады inbusiness.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

114 мопед жүргізушісіне 700 мың теңге көлемінде айыппұл салынды

– Жазғы кезеңнің басталуымен мопедтер мен электросамокаттарды тізгіндеушілердің саны артты және соның салдарынан олардың қатысуымен болатын ЖҚЕ бұзу саны да көбейді. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, мобильді көліктердің қатысуымен болған жол-көлік оқиғаларының саны 4 есеге артқан. Баламалы көлік түрлерін пайдаланатын адамдардың ҚР ЖҚЕ бұзу деректерін анықтау бойынша жұмыс күшейтілді. Мәселен, алдын алу іс-шарасының бір күнінде алдыңғы шептегі бөлімшелер, мопед жүргізушілері жасаған ҚР ЖҚЕ бұзудың 114 дерегін анықтады. Құқық бұзушылар ӘҚБтК-нің 615-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Айыппұлдың жалпы сомасы 698 мың 364 теңгені құрады, – деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ержан Ұзабаев.

Айта кетсек, биылғы жылдың 6 айында Алматыда мопедтер мен электросамокаттардың қатысуымен 77 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 81 адам жарақат алса, тағы біреуі қайтыс болды. Самокат пен скутерде балалардың қатысуымен 21 ЖКО тіркеліп, салдарынан 23 бала жарақат алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу