Осы жылдың басында Индербор кентінде жаяу жүргінші жолына төсемтас төсеу жұмыстары аяқталған болатын. Қарағандылық "Әлеуметтік қызметтер орталығы" компаниясының орындаған жұмысы 114 млн 900 мың теңгені құрады, деп хабарлайды azh.kz.
Бастапқыда қыстың күнінде төсемтас төсеу күдік ұялатқаны рас, алайда, Индер ауданы әкімінің қаңтардағы есебінде мердігер компания өкілі алаңдауға негіз жоқ, "біз жаңа технологиямен жұмыс жасаймыз" деп сендірген болатын. Жұртшылықты сол кездегі Индербор кентінің әкімі Алмас Құсайынов та сендірді. Бірақ, кейін ол өз лауазымынан өз еркімен жұмыстан кетіп қалды. Ал жаңа әкім Рулан Турабаев бұған қатысты өз пікірін білдірді:
Төсемтасты кенттің Оңдасынов, Тұхфатов, Уәлиханов, Тайсойған, Меңдіғалиев көшелеріне, жалпы 8642 шаршы метр жерге төседі. Көктемде төсемтастардың отырып кеткендігі анықталды, шамамен 2 мың шаршы метр жерге қайта жөндеу жасау керек. Кепілдік мерзімін екі жылға берген мердігер бұл жұмысты енді өзі өз есебінен атқаратын болады. Тұхфатов, Уәлиханов көшелеріндегі төсемтастар қалпына келтірілді, қазір олар қалған көшелерде жұмыс жүргізіп жатыр.