1150 МВт қосымша электр энергиясы қайдан алынады?

1253

Өңірде электр энергиясының 40%-ы өндіріледі. 

1150 МВт қосымша электр энергиясы қайдан алынады?

Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев жұмысы сапарымен Павлодар облысына барды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Министр аймақтағы электр станцияларын аралап, кеңес өткізді. Онда станцияларды жөндеуді аяқтау, 2035 жылға дейінгі энергетикалық теңгерімді әзірлеу, батыстағы қалалар мен аудандарды біртұтас энергия жүйесіне қосу мәселесі талқыға салынды.

Сондай-ақ Мағзұм Мырзағалиев Екібастұз ГРЭС-1-де бірінші энергия блогын қалпына келтіру, Екібастұз ГРЭС-2-де үшінші энергия блогын салу, Павлодар облысының станцияларында жөндеу жұмыстарын жүргізу жобаларын іске асыру барысымен танысты.

"Екібастұз ГРЭС-1 энергия блогын, Ақсу ГРЭС-індегі турбоагрегат пен қазандық агрегатты жөндеу жүзеге асырылғаннан кейін желіге қосу бойынша дайындық жұмысы аяқталып жатыр. Ұлттық электр желісіне енгізілетін жиынтық қуат 650 МВт болады. Қарашаның соңында Екібастұз ГРЭС-2-дегі энергия блогын жөндеу аяқталады деп жоспарланып отыр, бұл елде қосымша 500 МВт өндіруге мүмкіндік береді", – деп жазылған министрлік таратқан хабарламада.

Министр бұл жұмыстарды 10 күнде аяқтап, энергоблоктарды іске қосуды тапсырды. Осылайша, елде 1150 МВт қосымша электр энергиясы өндірілмек.

Айта кетейік, осыған ейін Қазақстан жетпеген электр энергиясын Ресейден импорттауға мәжбүр екені хабарланған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу