2023 жылдың басынан бастап 116,4 мың азамат, оның ішінде 344 мың жұмыссыз, SKILLS.ENBEK.KZ онлайн кәсіптік оқыту платформасында (бұдан әрі – Платформа) курстардан өткені туралы сертификат алды, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР Еңбек министрлігіне сілтеме жасап.
Оқудан өткен 34 мың жұмыссыз азаматтың 12 мыңы – негізінен Қызылорда, Түркістан, Алматы облыстары және Шымкент қаласының жастары.
Платформа іске қосылған сәттен бастап авторлар онда әртүрлі бағыт бойынша 229 курс жариялады, оның 176-сы тегін. Курстардың ұзақтығы 1-ден 72 сағатқа дейін.
Ең танымал курстар – "Птицеводство. Выращивание бройлеров", "Кассир", "Изготовление мыла" и "Построение отдела продаж в отеле".
Платформада әлеуметтік қызмет көрсету, ақпараттық технологиялар, қаржы және бухгалтерлік есеп салаларында түрлі кәсіптер бойынша кәсіби дағдыларды дамыту үшін тегін курстар саны үнемі артып келеді.
Бұл сертификат Электрондық еңбек биржасында (enbek.kz) тіркелген кезде білім алушы жасаған түйіндемеде автоматты түрде көрсетіледі. Қызметкерлерді іздеу кезінде әлеуетті жұмыс беруші SKILLS.ENBEK.KZ-те табысты оқудан кейін алынған сертификаттарды көре алады.