118 жасында әлемнің ең кәрі тұрғыны қайтыс болды

399

Франция тұрғыны Люсиль Рандон екі дүниежүзілік соғыс пен пандемиядан аман қалды - ол тіпті ковидпен ауырып, емделіп шықты. Енді жер бетіндегі ең кәрі адам - 115 жастағы Испания тұрғыны.  

118 жасында әлемнің ең кәрі тұрғыны қайтыс болды Фото: dw.com

Андрэ әпке ретінде танымал 118 жастағы француз әйелі Люсиль Рандон 17 қаңтар, сейсенбіде ұйықтап жатып қайтыс болды. Ол әлемнің ең кәрі тұрғыны еді, деп хабарлайды Inbusiness.kz AFP агенттігіне сілтеме жасап.

"Өкінішті жағдай, бірақ ол сүйікті ағасымен қайта қосылғысы келді. Ол үшін бұл азаттық", - дейді Рандон соңғы жылдары өмір сүрген қарттар үйінің өкілі.

1904 жылы 11 ақпанда Францияның оңтүстігінде дүниеге келген Люсиль Рандон екі дүниежүзілік соғыстан, испандық пандемия мен COVID-19-дан аман қалды. Ол тіпті 2021 жылы коронавирусты жұқтырды, бірақ ауруды оңай еңсеріп, ковидпен ауырған ең қарт адамның рекордын орнатты.

Соңғы жылдары Андре әпке көз жанарынан айырылып, мүгедектер арбасында отырды, бірақ ол 108 жасқа толғанға дейін монастырьдағы жұмысын тоқтатпады. Рандон қайтыс болғаннан кейін жер бетіндегі ең кәрі адам Мария Браньяс Морера болды. Испаниядан шыққан қария 1907 жылы 4 наурызда дүниеге келді, қазір 115 жаста.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу