12 600 отбасыға тұрғын үй жалға беріледі

1560

Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй құрылысына 90 млрд теңге бөлінеді.

12 600 отбасыға тұрғын үй жалға беріледі Фото: Максим Морозов

Биыл "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы бойынша 15 млн шаршы метр немесе 150 мың тұрғынжай салынады. Үкімет отырысында индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев осылай деді.
"Мемлекеттік инвестиция есебінен жалға берілетін әлеуметтік және кредиттік 38 300 пәтер немесе 2,2 млн шаршы метр бой көтереді. Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй салуға және сатып алуға 90 млрд теңге бөлінеді", – деді Қайырбек Өскенбаев.

Вице-министрдің мәлімдеуінше, жалға берілетін тұрғын үймен 12 600 отбасы қамтылады. Нәтижесінде 6 мың көпбалалы отбасы, 1 мың жас маман және кезекте тұрған халықтың әлеуметтік осал тобына жататын 600 адам баспаналы болады. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу