12,8 млрд теңгенің дәрі-дәрмегі жөнелтілді

907

Ауруханалардан қосымша өтініш түсіп жатыр.

12,8 млрд теңгенің дәрі-дәрмегі жөнелтілді

Коронавирус инфекциясы басталғаннан бері 12,8 млрд теңгенің дәрі-дәрмегі ауруханалар мен орталықтарға жіберілді.

"СҚ-Фармация" ЖШС басқарма төрағасы Ерхат Есқалиевтің сөзінше, олардың барлығы 189 жұқпалы аурулар ауруханасына және 330 уақытша орталыққа жөнелтілген. Жалпы, коронавирус инфекциясы басталғаннан бері 12,8 млрд теңгенің дәрі-дәрмегі жіберілген. 

Ерхат Есқалиев ауруханалардан қосымша өтініш әлі түсіп жатқанын айтты. 

"Қосымша өтініштер әлі қабылданып жатыр. Оның ішінде шілде айына да қатысты өтініштер бар. Қазір 8,7 млрд теңгеге қосымша сатып алу жүргізіп жатырмыз", –деді Ерхат Есқалиев орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу