Түрікменстан Орталық сайлау комитетінің дерегі бойынша, тіркеуден өтіп, сайлауға қатысатын кандидаттардың жалпы саны 9 болды, деп хабарлайды 24Хабар.
Олар елдегі үш саяси партия – Түрікменстанның Демократиялық партиясы, Өндірісшілер мен кәсіпкерлер партиясы және Аграрлық партия өкілдері, сондай-ақ бастамашыл топтар ұсынған кандидаттар.
Атап айтқанда, қазіргі мемлекет басшысы, Түрікменстанның Демократиялық партиясынан ұсынылған Гурбангулы Бердымұхамедов, Өндірісшілер мен кәсіпкерлер партиясынан Меджлис депутаты Бекмырат Аталыев, Аграрлық партиядан Дурдыгылыч Оразов, Тамақ өнеркәсібі мемлекеттік ұйымы төрағасының орынбасары Мақсат Аннанепесов, Мары уәлаятының хакім орынбасары Джуманазар Аннаев, Сейди мұнай өңдеу зауытының директоры, Меджлис депутаты Рамазан Дурдыев, Дашогуз уәлаятының хакім орынбасары Меретдурды Гурбанов, Ахал уәлаятының экономика және даму бас басқармасының басшысы Сердар Джелилов пен "Гарабогазсульфат" өндірістік кәсіпорнының бас директоры Сулейманнепес Нурнепесов.