12 ақпандағы саудада доллар бағамы тағы арзандады

364

Бүгінгі доллар бағамы - 446,72 теңге.

12 ақпандағы саудада доллар бағамы тағы арзандады Фото: inbusiness.kz

KASE күндізгі саудасының қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,36 теңгеге төмендеп, 446,72 теңгені құрады. Айта кетейік, Ұлттық банктің 10-12 ақпандағы ресми бағамы долларға 447,10 теңгені құрайды.

Kurs.kz хабарлағандай, дәл қазір Алматының ақша айырбастау пункттерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 447,43 теңгені, сатылымы 449,32 теңгені құрап отыр. Астанадағы ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 446,92 теңгеден сатып алынып, 450,98 теңгеден сатылуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу