12 бройлерлік құс фабрикасы салынады

1675

Құрылыстың бастапқы инвестициясы – 110 млрд теңге. 

12 бройлерлік құс фабрикасы салынады

Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров құс шаруашылығын дамыту жайлы сөз қозғады. 

"Былтыр құс етін өндіретін 1 құс фабрикасы жаңғыртылып, 5 жоба қолға алынды. Нәтижесінде өндіріс көлемі 14%-ға ұлғайып, қазір 223 мың тоннаны құрап отыр. Дегенмен импорт үлесі 45% болып тұр. Құс етін өндіру бойынша қосымша өндіріс қуаттарын іске қосу арқылы импорт алмастыруды ерекше назарда ұстаймыз. Орташа мерзімдегі перспективада өндіріс қуаттылығы 174 мың тоннаны құрайтын 12 бройлерлік құс фабрикасы салынады", – деді Сапархан Омаров.

Министрдің мәлімдеуінше, жаңа құс фабрикалары құс етінің өндірісін 2,2 есе арттырады. 

"Құрылыстың бастапқы инвестиция 110 млрд теңгені құрайды. Іс барысында 4,7 мың адам жұмыспен қамтылады", – деді Сапархан Омаров.

Қанат Махамбет

Фото: salicotrade.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу