12 дәрілік зат нарықтан шығарылды

1482

Ол препараттарға қатысты шағымдар жиілеген.

12 дәрілік зат нарықтан шығарылды

Өткен жылы елімізде 6 мың 500 дәрілік зат пен медициналық бұйымға сараптама жасалды, деп хабарлайды 24.kz.

Олардың 3 пайызы, яғни 176 түрі тексеруден өтпеді. Сонымен қатар тұрғындардың шағымына байланысты қосымша тексеру барысында 12 дәрілік зат нарықтан шығарылды. Бұл туралы бүгін Дәрілік заттарды ұлттық сараптау орталығының өкілдері мәлімдеді.

Олардың айтуынша тексеру 3 сатыдан тұрады. Сапасына байланысты сынақтан өтпей қалған дәрі-дәрмектің басым бөлігі шет елдерден келген.

Бүгінде орталық еліміздің 6 өңірінде сынақ зертханаларын орналастырған. Ондағы техникалық жабдық пен мамандардың біліктілігі халықаралық талапқа сай келеді.

"Дәрілік препараттардың қазақстандық дәріханалар сөрелеріне түсуіне дейін біздің орталық оларды кешенді сараптамадан өткізеді. Қауіпсіздігін тиімділігін сапасын сондай-ақ белгіленген талапқа сәйкестігін бағалаймыз. Қауіпсіздік жағдай болғанда, біздің сайтқа емдеуші дәрігермен бірге хабарласуға болады", – дейді ДЗҰСО бас директорының міндетін атқарушы Қанат Ержанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу