12 қалада ХҚО-лардың жұмысына тағы шектеу енгізілді

1080

Азаматтық үкімет кеңселеріне алдын ала жазылып қана кіре аласыз. 

12 қалада ХҚО-лардың жұмысына тағы шектеу енгізілді

Елдегі эпидемиолгиялық жағдайдың қайта ушығуына байланысты  бірнеше өңірдің бас санитарлық дәрігерлері Нұр-Сұлтан, Атырау, Қостанай, Рудный, Тобыл, Талдықорған, Шымкент, Қарағанды, Жезқазған, Теміртау, Өскемен және Семей қалаларындағы халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы тәртібі туралы арнайы шешім шығарды. Енді келушілерді қабылдау тек алдын ала жазылу арқылы іске асады. 

"Бұл өзгерістер ауылды жерлер мен аудан орталықтарындағы ХҚО-лардың жұмысына еш әсер етпейді. ХҚО ғимаратында қатаң түрде бетперде тағу тәртібін сақтау қажет. Қашықтықты сақтау үшін арасы 1,5-2 метр болатын белгілер сызылған. Әрбір ХҚО-да санитайзерлер бар", - деп жазады Азаматтарға арналған үкімет мекемесінің баспасөз қызметі. 

Алдын ала жазылу үшін egov.kz электрондық үкімет порталын, eGovKzBot2.0. телеграм-ботын пайдалануға болады. Немесе 1414 қысқа нөміріне қоңырау шалу керек. Брондау рәсімінен кейін азаматқа ХҚО-ға бару уақыты туралы тиісті смс-хабарлама жолданады. 

"Біздің әріптестеріміз фронт-офистерде қызмет алушылармен тікелей байланыста. Біз келушілер мен қызметкерлердің қауіпсіздігін барынша қамтамасыз етуге тырысамыз. Сондықтан қызмет алушыларға қандайда ауру белгілері байқалса, ХҚО-ға барудан бас тартуға кеңес береміз", – дейді мемлекеттік корпорацияның төрағасы Әділ Кожихов.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу