12 қаңтарда Ресей НАТО мүшелерімен кездесу өткізеді

902

Келесі күні Ресей мен ЕҚЫҰ өкілдері бас қосады.

12 қаңтарда Ресей НАТО мүшелерімен кездесу өткізеді

Ақ үй 12 қаңтарда Ресей өкілдерінің НАТО мүшелерімен кездесетінін мәлім етті, деп хабарлайды Inbusiness.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Бұған дейін Ресей мен АҚШ-тың Украина мен қару-жарақты бақылау жөніндегі келіссөздері 10 қаңтарда болады деп жарияланған болатын. 13 қаңтарда Ресей мен ЕҚЫҰ өкілдері кездеседі.

17 желтоқсанда Ресейдің Сыртқы істер министрлігі НАТО және Вашингтонмен қауіпсіздік саласындағы кепілдік жөніндегі шарттардың жобаларын жариялады. Құжаттар АҚШ Мемлекеттік хатшысының Еуропа және Еуразия істері жөніндегі көмекшісі Карен Донфридтің Мәскеуге сапары кезінде берілді. 

Мәскеу НАТО мүшелерін Украина, Шығыс Еуропаның, Күнгей Кавказ бен Орталық Азияның басқа мемлекеттерінде кез-келген әскери әрекетті жүргізуден бас тартуға шақырды.

Бұған дейін АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Германия және Италия елдері Ресейді Украина шекарасындағы шиеленісті басуға үндеген еді. Батыс және украиналық БАҚ, сондай-ақ бірқатар саясаткер Ресей Украинаға әскери шабуыл жасамақшы деп айыптауда. Дәлел ретінде әуеден түсірілген фотолар жарияланды. Ресей өзіне тағылған айыптарды, яғни Мәскеу шиеленісті ушықтырмақшы деген айыпты жоққа шығарып, әскери күштердің орналастырылуы халықаралық келісімдерге қайшы емес деп мәлім етті.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу